Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов Словенияға қарсы өткен кездесудің үздік ойыншысы марапатына ие болды, - деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Футболшы Словения құрамасына қарсы ойында 90 минут алаңда ойнады. Максим Самородовтың берген пасын ұтымды пайдаланып, құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Рамазан қазір Словенияның "Копер" клубы сапында ойнайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Словенияға 2:1 есебімен ұтылып, Еуропа чемпионатына тікелей жолдама иелене алмады. Отандастарымыздың Ұлттар лигасы плей-офф кезеңі бойынша бір жолдаманы иеленуге мүмкіндігі бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!