- Негізгі бет
- Спорт
- "Өте ауыр айқас...
"Өте ауыр айқас болады". Белгілі файтер Шавкаттың қарсыласының мықты жағын атады
UFC-де өнер көрсететін белгілі америкалық файтер Балал Мухаммад алдағы Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Меніңше, адамдар Шавкаттың күресін толық бағаламайды немесе асыра сілтеп жібереді. Әрине, ол мықты файтер. Джиу-джитсуы да сапалы. Бірақ біз оның қарсыласы мүмкіндік берген жағдайдан өзге кезде шабуылдап күрескенін көрмедік. Ал "Вандербой" онымен мүлде күреспейді деп ойлаймын. Екеуі де тік тұрып айқасады деген ойдамын. "Вандербой" - соққы жасаудан әлемдегі ең мықтылардың бірі, сондықтан бұл жекпе-жек көпшілік ойлағандай емес, өте ауыр өтеді. Дегенмен Шавкат өте мықты және жеңіске жол таба біледі. Бұл жекпе-жекті тамашалауға асықпын", - деп береді Белалдың сөзін MМА junkie.
Рахмонов - Томпсон кездесуі 16 желтоқсан Лас-Вегестағы UFC 296 турнирінде өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан