Жақында ауыр атлет Илья Ильин тізесіне ота жасатты. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында отадан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін ол тізесіндегі мениск (тізе буынындағы ішкі және сыртқы шеміршек - еск.) жыртылып кеткенін айтқан еді.
"Сәлем, достар. Баршаңызға жақсы күн тілейміз. Біз жұмысқа дайындалып жатырмыз. Бүгін 26 желтоқсан. ...Осылай өмір. Құдайға шүкір. Бәрі уақытша қиындық қой. Бәрі қалыпты. Көңіл күй өте жақсы", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Илья Ильинге академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында ота жасалғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз