Журналист Майкл Бенсон комаға түскен Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) жағдайын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
6 қарашада Ербосынұлы кубалық Давид Моррельден (8-0, 7 КО) 12-раундта нокаутпен жеңіліп қалған. Айдостың жағдайы нашар болған соң оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен еді. Осыдан кейін ауруханада миына қан кеткен деген диагнозбен боксшы жасанды комаға түсірілген болатын.
"Айдос Ербосынұлы сенбі кешкісін Давид Моррельден соңғы раундта нокаутқа түскеннен кейін әлі де ауруханада және сол күйі медикаментозды кома жағдайында жатыр", - деп жазды Бенсон Twitter-де.
@massaget.kz #бокс#WBAworld#айдосербосынулы#спорт#боксер#рек#хочуврек#боксқауымдастығы ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!