- Негізгі бет
- Спорт
- Неймар Әлем чемпионатынан...
Неймар Әлем чемпионатынан кейін мәлімдеме жасады
Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Қатардағы әлем чемпионатынан кейін әлеуметтік желіде ашық мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Әлі күнге дейін соңғы ойынды есіме алсам өкініштен өзегім өртенеді. Біз жеңіске жақын едік... Өкінішке қарай немесе қуанышқа қарай осы уақытқа дейін жеңілісті қабылдай алмай келемін. Әрине, жеңілістер мені мықты қылады. Бірақ ондайға етім үйренбеген. Өмір жалғасады. Алға қарай жүру керек. Ең бастысы, бізге керемет қолдау көрсеткен Бразилия халқына алғысымды айтамын! Біз соңына дейін күрестік. Катар еліне рақмет айтамын. Әлем Кубогі Бразилияға бару керек еді. Бірақ бұл жолы бұйырмады. Енді мұның бәрін ұмытып, уақытты отбасымен және достармен бірге өткізу керек. Өкінішті жеңілістен кейін өз-өзіме келуім ұзаққа созылады. Бірақ бұл күндер де артта қалар!", - деп жазды Неймар инстаграм парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 9 желтоқсанда Бразилия құрамасы әлем чемпионатымен қоштасқан болатын.
Ширек финалды Хорватия мен Бразилия кездесуі ашты. Матчте Бразилия ойыншылары басымдық танытып, жиі қауіпті соққы жасады. Бірақ хорват қақпашысы Доминик Ливакович барлық соққыны қайтарып, он шақты сейв жасап тастады. Осылайша, кездесудің негізгі уақытында есеп ашылмады. Сондықтан командалар экстра-таймдар өткізді. 105-минутта Неймар алаң ортасында допты қабылдап алып, әріптесімен пас алмасты да, гол соқты. Артынша хорваттар сапында көбірек шабуылшы алаңға шығып, еуропалық команда шабуылда белсене бастады. Бұл жемісін берді. 117-минутта Бруно Петкович сол қанаттан асырылған допты Бразилия қақпасында тулатты - 1:1.
Кездесу жеңімпазы пенальти сериясында анықталды. Ал ойыннан кейінгі лотереяда хорват футболшылары жеңіске жетті. Неймар бұл кездесудегі голымен футбол патшасы Пеленің рекордын қайталады. Енді екі футболшы да Бразилия сапында 77 гол соғып, құрама тарихындағы үздік сұрмерген атанып тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина