Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін қайда өткізетіні белгілі болды

Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін қайда өткізетіні белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін Ташкентте өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Мейірімнің бұл кездесуі қашан және кіммен өтетіні әзірге белгісіз. Отандасымыз жуырда ғана Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы 2023 жылдың ең үздік боксшысы атанған еді. 

BoxRec порталының салмақ дәрежесін тәуелсіз рейтингінде де (Р4Р) Мейірім қазақстандық боксшылар көшін бастап тұр. Батыстық кей басылымдар оны Головкиннің ізбасары деп те жазуда. 

Қазіргі таңда Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындалуда. Даярлық жұмыстарын Ақтауда өткізіп жатыр. 

Мейірім соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шығып, Оңтүстік Кореяда өткен айқаста жапониялық Кадзуто Такесаконы (15-0-1, 14 КО) нокаутпен ұтқан болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай