Лионель Месси әлем чемпионатында сегізінші голын соғып, аты аңызға айналған Диего Марадонаны қуып жетті. Аргентина құрамасы сапында Габриэль Батистута ғана (10) көп гол соқты, - деп хабарлайды Opta Sports.
Сондай-ақ, Месси әлем чемпионатында айып алаңынан тыс жерден төртінші рет гол соқты, бұл көрсеткіш бойынша тек бразилиялық Ривелино (5 гол) алда тұр.
Еске салайық, Месси 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының екінші турында Аргентина құрамасына Мексиканы жеңуге көмектескен болатын.
30 қарашада Польша мен Аргентина, Сауд Арабиясы мен Мексика кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!