Месси тағы бір гол соқты. Аргентина алғашқы жеңісіне жетті

Месси тағы бір гол соқты. Аргентина алғашқы жеңісіне жетті
Фото: Reuters

Аргентина құрамасы бірінші турдағы сенсациялық жеңілісінен кейін Катардағы әлем чемпионатында алғашқы үш ұпайын еншіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

С тобындағы матчте Аргентина мен Мексика кездесті. Аргентина құрамасы Катардағы алғашқы ойынында күтпеген жерден Сауд Арабиясынан жеңіліп қалған еді. Ал Мексика Польшамен тең тарқасқан.

2-тур ойынының бірінші таймында гол соғылмады. Ал матчтің 64-минутында Лионель Месси аргентиналықтарды алға шығарды.

87-минутта Мессидің пасынан кейін Энцо Фернандес есепті еселеді. Осылайша, Аргентина құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы ойыннан кейін Аргентина құрамасы үш ұпаймен 2-орынға көтерілді. Көш басындағы Польшада төрт ұпай бар. Сауд Арабиясы үшінші, Мексика төртінші орында тұр.

С тобының шешуші матчтері 30 қарашада өтеді. Аргентина Польшамен, Мексика Сауд Арабиясымен күш сынасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш