Қайта оралған түлектер

Қайта оралған түлектер

Бірталай уақыттан соң өз таланттарын өзгелерден сатып алып жататын алыптар бар. Олардың ішінде – «Барселона» мен «Реал». «Аузы күйген үріп ішеді» демекші, грандттарға қайта оралған түлектер...

Жерар Пике, "Барселонаға"


«Қызыл сойқандардың» ұсынысын қабыл алып, 2004 жылы Англияға қоныс аударған қорғаушы. Әлемдегі таңдаулы қорғаушы. Сонымен бірге, Каталонияның аз-кем бағалауына ұшырап, Фергюсонның қол астына тегін барған тәлімгер.

Дегенмен, «Манчестер» сапында ойнап кете алмады. Сэр Алекс те сенім арта қоймады. Осының бәрі, арада төрт жыл өткенде, Жерардың «Барселона» сапына қайта оралуына мүмкіндік туғызды. Тіптен, «блауграна» үнемдеп қала алды.

Бүгінде 36 миллион еуроға бағаланатын алып қорғаушыны бар-жоғы 5,5 миллион фунтқа сатып алды.  

Альваро Арбелоа, "Реалға"


Жиырма екі жасында «Реалдың» негізгі ойыншысына айнала алмай, бір жағынан Мичел Сальгадоның тұсына тап келген Арбелоа бастапқыда «Ла-Коруньюге» ауысып барды. Көп ұзамай Рафа Бенитес "Ливерпульге" шақырды.

Англияда бағы жанып, қаптал қорғанысындағы ең таңдаулы ойыншылардың біріне айналды. Қос қапталда тыныс кеңейтуге таптырмас жан саналды. 

«Реал» Арбелоаны қайтарып алғысы келді. Өйткені, сол уақытта «корольдік клубқа» қорғана алатын тәжірибелі қорғаушы жетіспейтін. «Қызылдар» көп созып жатпай-ақ, фулл-бэкті отанына 3,5 миллион фунтқа қайтаруға бел буды.

Арбелоа тек «Реал» қатарында емес, Испания ұлттық құрамасында да бекем орналасып, «қызыл фуриямен» екі дүркін Еуропа чемпионы және бір дүркін Әлем чемпионы атанды.

Марко Ройс "Боруссия" Д


Дортмундта бағаланбаған таланттың бағасын «Боруссия» кейіндеу 17 миллион еуроға бағалады. Өйткені, Марко Менхенгладбах сапында ашылып ойнап, ұлттық құрамға шақырту алған болатын.

Юрген Клоптың бар жан-тәнімен қалаған трансфері бірінші маусымда-ақ күткен сенімді ақтай алды. Бүгінгі таңда Марко дортмундық ұжымның таңдаулы орындаушыларының біріне айналып үлгерді.

Левандовски кеткен күні «Боруссияның» жалғыз үмітіне айналмақ...

Диего Лопес, "Реалға"


Икер Касильястың көлеңкесінде қалып келіп, көп шыдамай «Вильярреалға» ауысып барып, өзінің Испаниядағы таңдаулы қақпашылардың бірі екенін дәлелдеген бағана күзетшісі.

Лопес Испания құрамасына шақыртылуға лайықты...

«Вильярреалдан» кейін тәжірибелі қақпашы "Севилья" сапына ауысты. Андалусияда жарты жыл өткізген соң, туған клубынан хабар келе бастады. Сол уақытта «Реал» қақпашы мәселесін шеше алмай жатқан болатын.

Күтпеген жерден Жозе Моуринью Касильястың орнына Лопесті қолайлы көрді. Диего көп ұзамай-ақ күткен сенімді ақтап, ерте көктемде мадридтік клубтың қақпасында сенімді тұра бастады.

Басты арманы орындалған бағана күзетшісі «Реалда» ұзақ уақыт бірінші болып қала алар ма екен?!

Николя Анелька («ПСЖ»-ға)


«ПСЖ» сапынан 17 жасында кеткен футбол тарихындағы ең қымбат ойыншылардың бірі.

Париждік клуб сапында өткізген он ойын мен соғылған жалғыз гол Арсен Венгердің таланты француз үшін 500 мың фунт төлеуіне мұрындық болған. Арада екі жыл өткенде мадридтік "Реал" Анелька үшін 22,3 миллион фунт ұсыныпты, ал сосын 2000 жылы Анелька "ПСЖ"-ға 34,5 миллион еуроға ауысып барыпты.

Сеск Фабрегас («Барселонаға»)


Футболдағы алғашқы адымын "Барселонаның" жасөспірімдер командасынан бастаған испандық хавбек. 

16 жасында Венгердің қол астындағы "Арсенал" академиясына ауысып барыпты. Ол уақытта оған көп ойын уақыты беріліп, көп сенім артылған. "Арсеналдың" Фабрегас  үшін 700 мың еуро мен Джованни ван Бронкхорстты қосып бергені, соның дәлелі бола алады.  

Сеск бірінші маусымда-ақ "канонирлердің" негізгі құрамында шығып жүрді. Сөйтіп жүргенде, лондондық клубтың тарихында негізгі құрамның ең жас ойыншысы атанды.

Испандық дарынның мансап жолы күн санап қарыштауда болды: көп ұзамай команданың капитаны қылып сайлады. Ал 2009 жылы Фабрегастың "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін деген сыбыс тарай бастады.

Ақырында, 2011 жылы "канонирлердің" басшылығы Сесктің сөзіне құлақ түріп, "Блаугранамен" келіссөз жүргізді. Ресми емес мәліметтерде трансферлік құны 40 миллион еуродан асып түскені айтылады.

Жорди Альба («Барселонаға»)


Белгісіз бір себептермен сатылып кеткен "Барселонаның" талантты түлегі.

Алғашында «Корнельюдің» жейдесін киіп жүрді, ол уақыттарда испан чемпионатының терең түкпірінен суырылып шығу мүмкін емес болатын. Кейіндеу күтпеген жерден «Валенсияның» екінші командасына (дубль) шақырылды. сол жақтан «Валенсияның» фарм-клуб жіберіліп, жарты жыл жарқын өнерінен соң, негізі құрамға ауысты.

«Валенсияда» үш жыл өнер көрсетіп, «Химнастикада» бір жыл жалда жүргенде Альба Испания ұлттық құрамасына шақырту алады. Еуропа чемпионаты Жордиді бар қырынан ашып, «Барселона» бұрынғы ойыншысын қайта сатып алуға бел буады.

«Блауграна» осы бір шағын денелі шабуылдаушы қорғаушы үшін 14 миллион еуро жұмсаған.

Дани Карвахаль («Реалға»)


Мадридке оралған тағы бір ойыншы - Даниэль Карвахаль.

«Кастильяда» ойнап жүргенде-ақ ол "Реалдың" негізгі құрамына шыққысы келді. Алайда, сол уақытта «Мадридтің» оң жақ бөлік қорғанысында (әлі күнге өнер көрсетуде) Альваро Арбело өнер көрсететін, ал жиырма жастағы бозбалаға ешкім де сенім артып, жаңа жоспар құрмаған-ды.

Болмаған соң, 2012 жылы "Байерге" 5 миллион еуроға ауысып барды. Испандық талант көп ұзамай леверкузендік клубтың басты көшбасшысына айналды. Данидің «Сантьяго Бернабеуге» қайта оралатыны туралы артынша сыбыстар шыға бастады. Сол сыбыстардың арқасында болуы керек: 2013 жылдың жазында «Реал» 1,5 миллионға артық төлеп, өз ойыншысын қайтарып алды.

Себастьян Джовинко («Ювентусқа»)


14 жаста оған «Ювентус» екінші үйі еді... «Бьянконерилер» шағын денелі, бірақ шымыр, ылдым-жылдым қозғалатын ойыншыға көп сенім артатын. Дегенмен, сол уақыттардағы шабуыл шебіндегі бақталастық оған мүмкіндік бермеді.

«Парма» сапына жалға барып, әрбір үшінші ойында көзге түсіп жүрді. Сол аралықта "Ювентус" жарты құқығын иемденіп, алда-жалда қайтаруға ниетті екендіктерін жеткізді. 

«Ювенің» жарты құқығы Себастьянды көп шығынсыз, 11 миллион еуроға сатып алуға жағдай жасады.

Немань Матич («Челсиге»)


Қаңтардың 15 жұлдызында лондондық "Челси" Немань Матичпен келісімге отырды...

«Ақсүйектер» басшылығы 2 жылда 2 рет қана ресми кездесуге шыққан (2009-2011 жылдары) ойыншыны «Виттеске» жалға беруге шешім шығарады. Лиссабондық «Бенфиканың» сапында аянбай тер төгіп жүріп, аталған команданың негізгі құрамынан бір-ақ шығады. Ол «Бенфика» сапында 97 кездесу өткізіп, 9 допты қарсылас қақпасына тоғытады.

25 жастағы жартылай қорғаушы Жозе Моуриньюмен 5,5 жылдық келісімшартқа отырды. Португалдық «Бенфика» мен Сербия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысының құны 25 миллион еуроны құрады. 

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: eal-madrid.ru; ela.mobi; topmercato.com; dekatop.com; footballforum.ru

Л. Лига