"Барселона" мен "Бавария" арасындағы ойында словениялық төрелік етпек

УЕФА Чемпиондар Лигасының "Барселона" мен  "Бавария" арасындағы қарымта ширек финалдық ойынында төрелік ететін бас қазының есімін атады. 

Ол – словениялық Дамир Скомина. Бірде-бір рет "Барселона" қатысқан ойындарға төрелік етпеген, бірақ "Баварияның" бір жолғы ойынына қазылық етіп көріпті. Бір айта кетерлігі, сол кездесу баварлықтардың жеңісімен аяқталған екен. 

Скоминаның жемісті сәттеріне көз жүгіртсек, Еуропа-2012 чемпионатының үш ойыны және УЕФА-2012 Суперкубогінің матчы.

"Барселона" - "Бавария" арасындағы ойын ертеңгі күні "Ноу Камп" стадионында, Астана уақытымен сағат 12:45-те басталады. Естеріңізге сала отырсақ, бірінші кездесуде Юпп Хайнкестің тәлімгерлері каталондықтарды 4:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. 

Ендігі бір "Реал" мен дортмундық "Боруссия" командалары арасындағы ширек финалдық кездесу Ховард Уэббтің төрелігімен өтпек.

сурет:grid.mk 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек