Күтпеген шешім! Рыбакина Токиодағы турнирді жалғастырмайтын болды

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді жалғастырмайтын болды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 23-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеске қарсы ширек финалдық ойыннан бас тартты.

Бұған дейін Рыбакина отандасы Юлия Путинцеваны (WTA рейтингінде 67-орын) жеңіп, жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтегі бірінші орнын жыл соңына дейін сақтап қалған еді. 

Токиодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 1,2 миллион долларды, яғни шамамен 545,2 миллион теңгені құрайды. Енді Рыбакина 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA Finals қорытынды турниріне қатысады.

Қазақстандық теннисші – WTA Finals турнирінің қазіргі чемпионы. Ол жеті қарсыласымен бірге жарысқа қатысып, былтыр иеленген атағын қорғауға тырысады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!