Елена Рыбакина Токиодағы турнирді жалғастырады

Елена Рыбакина Токиодағы турнирді жалғастырады
Фото: Depositphotos.com/ogfoto@yahoo.es©

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Токиодағы (Жапония) WTA 500 турнирінде қазақстандық екінші теннисші Юлия Путинцеваны жеңді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық теннисшілер жарыстың екінші айналымында кездесті.

Бірінші сетте Рыбакина 6:2 есебімен басым түсті. Екінші cетте де Елена қарсыласын 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.

Токиодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 1,2 миллион долларды, яғни шамамен 545,2 миллион теңгені құрайды. Былтыр бұл жарыста әлемдік рейтингте 20-орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчич чемпион атанған болатын.

Елена осы жеңісінің нәтижесінде биылғы рейтингтегі бірінші орнын келер жылға дейін сақтап қалуға мүмкіндік алды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай
Logotype Massaget