Аргентина құрамасының капитаны, атақты спортшы Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік футболшысы деп танылды. Аргентиналықтар финалда Францияны жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Месси турнирде 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Әлем чемпионатын ұтқан 35 жастағы шабуылшы футболдың ғана емес, әлеуметтік желілердің де жұлдызы.
Үнемі жаттығу және дұрыс тамақтану футболшыға өзін тамаша формада ұстауға көмектеседі. Көптеген спортшы сағат сайын тамақ ішеді және тамақ мөлшерін мұқият бақылайды.
Аты аңызға айналған Мессидің мәзірінде не бар? Бұл сұраққа диетолог-эндокринолог Альбина Комиссарова жауап берді.
"Мессидің күні мате деп аталатын сергітетін сусыннан басталады - бұл Парагвай шайы. Ол таңғы ас алдында шамамен 200 мл ішеді. Содан кейін негізгі тағамды жейді", - дейді диетолог.
Таңғы асы
• 2 қуырылған жұмыртқа;
• 40 грамм (құрғақ түрінде) сұлы жармасы;
• 30 грамм кептірілген жемістер немесе 50 грамм жидек. Сонымен қатар, 20 грамм асқабақ тұқымы;
• 1 банан;
• апельсин шырыны.
• Таңғы астың жалпы калория мөлшері 550 ккал құрайды.
Леоның асы жемістерден (көбінесе алма немесе манго) және сумен араласқан 0,5 литр протеинді коктейльден тұрады. Яғни, бұл тағы бір плюс 200 ккал. Содан кейін ол жаттығуға барады.
Түскі асы
• пісірілген тәтті картоп;
• 250 грамм қуырылған тауық еті;
• авокадо.
Түскі астың жалпы энергетикалық құндылығы 500 ккал құрайды.
Мессидің екінші жеңіл тағамы жеміс пен 0,3 л протеинді коктейльден тұрады. Бұл тағы 150 ккал. Содан кейін тағы футболшы жаттығады.
Кешкі асы
• балық стейк;
• 100 грамм (құрғақ түрінде) күріш.
• көкөніс бұқтырмасы.
Бұл тағамда 600 ккал бар.
Жалпы алғанда, Лионель Месси күніне шамамен 2000 ккал тамақ жейді. Сонымен қатар, оның күніне кемінде 4 сағат спортпен айналысатынын есте ұстаған жөн.
"Аздап арықтау үшін Мессиге мұндай диета керек шығар. Өйткені, мұндай қарқынды физикалық күш салу кезінде 2 мың ккал аз. Бұлшықет массасын қалыптастыру үшін сізге көбірек тамақтану керек. Әсіресе егер күн сайын жоғары кардио жүктемелері болса", - дейді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін диетолог артық салмақтан арылу үшін суды қалай ішу керегін айтқан болатын.