Диетолог артық салмақтан арылу үшін суды қалай ішу керегін айтты

Диетолог артық салмақтан арылу үшін суды қалай ішу керегін айтты
Фото: mamaplus.md

Қарапайым су ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады, теріні тазалайды, ісінуден арылуға және салмақ жоғалтуға көмектеседі. Диетолог Анжелика Дуваль қандай су зат алмасуды бірнеше есе тездететінін айтты.

"Ағзаға ең пайдалысы – кәдімгі таза ауызсу. Әрине, шай, кофе, жеміс сусындарын ішуге болады, өйткені олар да пайдалы. Дегенмен, ауызсуды ұмытпаңыз", дейді диетолог Анжелика Дуваль.

"Арықтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасасаңыз да дұрыс тамақтаныңыз, спортпен айналысыңыз, бірақ жеткілікті су ішпесеңіз салмақ жоғалту процесі баяулайды", — деді сарапшы "Москва 24" порталына берген сұхбатында.

Мысалы, құбыр суы, сондай-ақ кофе немесе шайдың пайдасы бар. Бірақ олар артық салмақтан арылуға көмектеспейді. Мұндай су нашар сіңеді және жасушаларға баяу жетеді.

Бұл көрсеткіш тау суына да қатысты. Және тек бөтелкедегі суды да сатып алудың қажеті жоқ. Қарапайым қайнаған су да көмектесе алады - оны ішуді үйреніңіз.

Судың жақсы сіңуін қамтамасыз ету үшін оны күні бойына тең бөліп ішу керек.

"Бір ішкенде 200 миллилитрден артық ішуге болмайды – бұдан артығы тым көп және ол нашар сіңеді. Судың қажетті мөлшері килограмға 30 миллилитр есебінен жеке анықталады", - дейді диетолог.

Денсаулықты қамтамасыз ету үшін таңертең аш қарынға бір стақан жылы су ішу маңызды. Оның температурасы 40-тан 50 градусқа дейін болуы керек. Егер сіз осыны әдетке айналдырсаңыз, ас қорытудың, ұйқы безінің, ішектің және бүкіл асқазан-ішек жолдарының жұмысы айтарлықтай жақсарғанын көп ұзамай байқайсыз.

Неліктен дәл 40-50 градус?

"Бұл температура дененің суды дене температурасына дейін жылытуға энергия жұмсамауы үшін қажет. Егер сіз таңертең салқын су немесе бөлме температурасында суды ішсеңіз, сіздің асқазаныңыз оянып, толық жұмыс істей бастағанға дейін суды жылытуға күш жұмсауға мәжбүр болады", - дейді дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін диетолог арықтауға көмектесетін 6 көкөністі атаған болатын.

Т. Раушанұлы