Қуат Хамитов неге UFC-ге бара алмағаны жайлы ашығын айтты

Қуат Хамитов неге UFC-ге бара алмағаны жайлы ашығын айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов (25-7-2) журналист Ғалым Сүлейменге берген сұхбатында мансабындағы маңызды сәттерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Әлемдегі үздік саналатын UFC немесе Bellator ұйымдарынан шақырту болмады ма, әлде деңгей жетпеді ме" деген сұраққа спортшы ашығын айтып, себебін де түсіндірді. 

Деңгей жетті, тіпті ұсыныс та болды. Бәрі демеушілік пен қаржыға келіп тіреледі. Мен инстаграмда тіпті UFC-ге шыққалы жатқаным жайлы да жазғанмын. Ол кезде онда ауыр салмақта Шейн Карвин уақытша чемпиондық атаққа ие еді. Ол өзі менің инстаграмыма: "Қуат, маған сенің рекордың ұнайды" деп жазған. Ол кезде мен Азияда бақ сынап жүргенмін. Tapology деген сайт рейтингі бойынша 70 килоға дейінгі салмақта бірінші орында болғанмын. Сол кезде АҚШ-тан менеджерлер мен Карвиннің өзі хабарласып, "саған көмектесе аламыз, аздап күте тұр" деген. Біз келісіп, әркез байланыста болдық. Осы сәтте UFC басқа компанияға сатылып кетті. Одан кейін Карвин де, менеджерлер де  байланысқа шықпады. Мен Fight Nights ұйымына кеттім, - деді спортшы. 

Айта кетейік, бұған дейін "Найман" ресейлік ММА жұлдызы Александр Шлеменкоға (65-15) қарсы жекпе-жек өткізетіні жайлы хабарлаған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай