UFC жұлдызы, промоушеннің бұрынғы қос чемпионы Конор Макгрегор Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
UFC 329 турнирінің басты кешінде промоушеннің экс-қос чемпионы, ММА аңызы Конор Макгрегор мен жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы титул иегері Макс Холлоуэй арасындағы жекпе-жек өтті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бірінші раундта Конор аяқпен екі соққы жасап, құлады. Содан кейін ол тік тұрып, "екілік" соққысын жұмсады да, тағы да құлады. Екінші рет түрегелгеннен кейін Макгрегор қатты ақсаңдай бастады, сол себепті рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Нәтижесінде Макс Холлоуэй техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz