"Қазақтың Ломаченкосы" атанып кеткен Махмұд Сабырхан Бангкоктағы (Таиланд) 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатын сәтті бастады.
57 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 финалда өзбек боксшысы Мирзабек Мирзахалиловтан басым түсті. Төрешілердің бір ауыз шешімімен айқын жеңіске жетті.
Махмұд Сабырхан – Әлем (2021) және Азия (2022) чемпионаттарының күміс жүлдегері.
Айта кетейік, осыған дейін Азия чемпионатында шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай жарысты жеңіспен бастаған еді.