Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының бірінші айқасында жеңіске жетті

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының бірінші айқасында жеңіске жетті
Фото: ҚБФ

18 қаңтарда Таиландта бокстан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтетін бұл турнирде Қазақстан атынан рингке бірінші болып Санжар Тәшкенбай шықты, 48 келідегі 1/8 финал айқасында оның қарсыласы қырғызстандық Анваржан Ходжиев болды. 

Бұл жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Санжар жеңіске жетті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек