Қазақтың UFC-дегі даулы жекпе-жегін ФТБ тергеп жатыр

Қазақтың UFC-дегі даулы жекпе-жегін ФТБ  тергеп жатыр
Фото: UFC

АҚШ Федералды тергеу бюросы 6 қарашада өткен UFC Fight Night 214 турниріндегі Даррик Миннер мен Сайран Нұрданбек жекпе-жегін тергеп бастады, - деп хабарлайды Sports.ru.

Миннер бірінші раундтың 77 секундында техникалық нокаутпен (аяғынан жарақат алып, дәрігер тоқтатты) жеңілді.

Басылым мәліметінше, ESPN жекпе-жекке бірнеше сағат қалғанда хабар алған. Онда бәс тігуші компания клиенттерінің бірі Нұрданбектің алғашқы бес минутта жеңетініне қомақты сома тіккені туралы айтылған.

Нәтижесінде Невада штатының атлетикалық комиссиясы Миннер мен оның жаттықтырушысы Джеймс Краузені ойыннан шеттету мерзімін ұзартты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек