Қазақстанның кіл мықты дзюдошылары Ташкенттегі Grand Slam жарысына қатысады

Қазақстанның кіл мықты дзюдошылары Ташкенттегі Grand Slam жарысына қатысады
Фото: olympic.kz

1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. 

Ақпан айының басындағы Grand Slam жарысы Парижде өтті. Бұл жарысқа да Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысты. Құрама сапында 100 килоға дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан ғана жүлделі орынға ілігіп, қола медальға қол жеткізді. 

Grand Slam жарыстарында рейтингтік ұпайлар беріледі. Бұл дзюдошылардың Олимпиадаға баруына жол ашады. 

Ерлер командасы: 

60 кило: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 кило: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев
73 кило: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 кило: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев
90 кило: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков
100 кило: Бекзат Шағатаев, Нұрлыхан Шархан
+100 кило: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер құрамасы:

48 кило: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 кило: Балнұр Әбдешова, Толғанай Әбеуова
57 кило: Бақыт Құсақбаева
63 кило: Есмигул Куюлова, Кристина Сотникова
70 кило: Екатерина Токарева
78 кило: Аруна Жангелдина, Маргарита Гриценко
+78 кило: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай