Қазақстандық теннисші түркиялық клубпен келісімшартқа қол қойды

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Жұбанов Түркияның Samvet TTC клубының намысын қорғайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Самсун қаласының командасы Түркия премьер-лигасында өнер көрсетеді және ел чемпионатының күміс жүлдегері.

Санжар Жұбанов жаңа клуб сапындағы алғашқы ойынын қарашада өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алан Құрманғалиев Францияның "Хеннебон" клубымен келісімшартқа қол қойған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз