Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық спортшы Николай Веретенников АҚШ-тың Луизиана штатындағы Нью-Орлеанда өткен UFC 318 турнирінде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) алдын ала кард аясындағы жекпе-жек жоспарланған уақытқа созылды. Кездесу нәтижесінде Николай Веретенников аргентиналық Франсиско Прадоны төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп шықты (28:29, 29:28, 29:28).
Осылайша, 35 жастағы қазақстандық спортшы UFC ұйымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол қысқа уақыт ішінде келісілген жекпе-жектерде екі рет жеңілген еді. Енді оның кәсіби рекорды – 13 жеңіс және 6 жеңіліс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек