Қазақстандық жеңіл салмақтағы жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vestnik MMA Telegram-каналына сілтеме жасап.
Әзірше келісімнің егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Сонымен қатар келісімшартқа қол қою туралы ресми ақпарат та әлі айтылмады.
Айта кетейік, Асу Алмабаев кәсіпқойлар арасындағы 19 жекпе-жектің 17-сінде жеңіске жетіп, екеуінде ғана жеңілген. Сондай-ақ ол Brave FC промоушенінде төрт жекпе-жек өткізген және төрт жекпе-жекте де жеңіске жеткен.
Алмабаев кейінгі жекпе-жегінде филиппин Кеннет Маннингатты уақытынан бұрын жеңді. Жекпе-жек 2022 жылғы қарашада Индонезияның Бали қаласында Brave CF 66 турнирінде өтті.
![]()
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!