Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Дастан Сәтбаевқа қатысты пікір білдірді

Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Дастан Сәтбаевқа қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/chelseafc

Қазақстан футбол құрамасының жаңа бас бапкері Джон ван’т Шкип ұлттық құраманың жас шабуылшысы Дастан Сәтбаевқа жоғары баға берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нидерланд маманы баспасөз мәслихатында қазақстандық ойыншылар туралы сұраққа жауап беріп, "Челси" сапында өнер көрсетіп жүрген Дастан Сәтбаевты жақсы білетінін айтты.

"Әрине, Сәтбаевты білемін. Ол - қазір "Челсиде" ойнап жүрген жас әрі талантты футболшы. Қазір жекелеген ойыншыларға тоқталғым келмейді. Алдағы күндері футболшыларды жан-жақты зерттеймін. Бірақ Дастанның болашағы зор екенін білемін. Ол әлі көптеген матч өткізеді және мықты ұлттық құраманы қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймын", - деді Джон ван’т Шкип.

Еске салайық, 7 тамызда Қазақстан футбол федерациясы 62 жастағы нидерландтық маман ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

Оның жетекшілігіндегі алғашқы матч 26 қыркүйекте Фарер аралдарына қарсы Ұлттар лигасы аясында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget