Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды. Бұл қызметке нидерландтық маман Джон ван’т Шкип тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
62 жастағы бапкер бұған дейін Грекия және Армения ұлттық құрамаларын жаттықтырған. Сондай-ақ Нидерланд құрамасының бапкерлер штабында жұмыс істеген.
Осылайша Джон ван’т Шкип Қазақстан құрамасын жаттықтыратын екінші нидерландтық маман атанып отыр. Бұған дейін, 2006–2008 жылдары ұлттық құраманы Арно Пайперс басқарған болатын.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов шамамен бір ай бұрын өз еркімен қызметінен кеткен еді.
Жаңа бапкердің жетекшілігіндегі алғашқы ресми матч 26 қыркүйекте өтеді. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдары құрамасымен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова