Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Нысана көздеуден Никита Чирюкин үшінші орыннан көрінді.
Қазақстандық спортшы 25 метрден тапаншамен оқ атуда жүлдеге ілікті. Алтын және күміс медальды қытайлық Юхан Ли мен Янг Лю еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарында дзюдошылар Әбиба Әбіжақынова (күміс) мен Мағжан Шамшадин (қола) құрама қоржынына жүлде салған еді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ