Алғашқы медаль! Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Алғашқы медаль! Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

48 килоға дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапон қызы Нацуми Цунодамен кездесті. Үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде Әбиба қарсыласына жол берді. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Медициналық көмекке де жүгінді. 

Айта кетейік, дзюдошы қазақ қызы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея балуанын ұтқан. Жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хек Енгті жеңді.

Әбиба Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ

О. Сансызбай