Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасында екінші алтын медаль алды

Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Тәшбай Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық спортшы жекелей уақытқа жарыста қашықтықты 11 минут 32,57 секундта жүріп өтіп, үздік нәтиже көрсетті.

Күміс жүлдені Словакия өкілі Каролина Гайдукова иеленді. Оның нәтижесі – 11 минут 37,62 секунд. Ресейлік Ангелина Новолодская 11 минут 43,65 секунд нәтижемен үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша Қазақстан құрамасының жасөспірімдер Олимпиадасындағы жүлде саны үшке жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева чемпион атанса, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медаль жеңіп алған еді.