Қазақстандық спортшы Рамазан Әйнегов Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандық триатлоншы жарыс жолын 53 минут 27 секундта бағындырды. Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бір уақытта мәреге жетіп, үшінші орынды өзара бөлісті. Екеуі де жеңімпаздан 14 секундқа қалып қойды.
Португалиялық Артур Гашпар 53 минут 13 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Люксембург өкілі Эмиль Ванолст (53:23) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Рамазан Қазақстан құрамасының қоржынына екінші медальды салды. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған.
О. Сансызбай