Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос қола медаль түсті, деп хабарлайды Massaget.kz. 

Бокстан 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Марал Төлепберген өзбекстандық Сабрина Чакомановаға жол берді. Төрешілер қарсыласын жеңімпаз деп таныды. Нәтижесінде Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады.

Таеквондошы Любовь Юн 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз жартылай финалда серб қызы Эма Зечировичке есе жіберді. Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген қос спортшы да қола жүлдегер атанады. Осылайша, Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов пен таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз