- Негізгі бет
- Спорт
- Жанқош Тұраров жекпе-жегін...
Жанқош Тұраров жекпе-жегін бастамай жатып аяқтады
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) елорда төрінде өткен кездесуде жеңіске жетті.
Жартылай орта салмақта рингке шыққан қазақ боксшысы мысырлық спортшы Абдумонем Сайдпен (22-1-1, 11 КО) кездесті.
Жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, Тұраров оны 45 секундта-ақ аяқтады.
Бұл – қазақстандық боксшының 25-жеңісі. Ал мысырлық қарсыласының бұл – екінші жеңілісі.
Айта кеткен жөн, Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Елордада Jekpe-Jek сарайында кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылуда.
Кештің басты кездесуі – қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасындағы бокс. Спортшылар IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын алу үшін бокстасады.
Бүгін қазақстандық тағы бір боксшы Батыр Жүкенов Канадада өткен бокс кешінде қарсыласын 69 секундта-ақ нокаутқа жіберген еді.
Қ. Слямбек