Батыр Жүкембаев қарсыласын бірінші минутта-ақ нокаутқа жіберді

Батыр Жүкембаев қарсыласын бірінші минутта-ақ нокаутқа жіберді
Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) 19-шы жеңісіне қол жеткізді.

Бұған дейінгі жекпе-жекте жеңіліп қалған Жүкембаев бұл жолғы кездесуде есе қайтарды.

Канаданың Монреал қаласында өткен бокс кешінде қазақ боксшысы мексикалық Хуан Хосе Мартин Альвареспен (28-10, 20 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақта өткен кездесу 6 раундқа жоспарланған еді.

Алайда қазақстандық боксшы бірінші минутта-ақ қарсыласын нокдаун мен нокаутқа жіберіп, жеңісін оңай олжалады.

Айта кетейік, Жүкембаев 19-шы кездесуінде пуэрторикандық боксшымен шығып, 8 раундта жекпе-жекте тоқтатуына тура келген.  

Қ. Слямбек