Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Чехиядағы Oktagon промоушеніндегі чемпиондық белбеуін алғаш рет сәтті қорғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прагада өткен Oktagon 81 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде Жұмағұлов чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңді. Қарсыласы дәрігердің шешімімен төртінші раундқа шығып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Чех файтері кәсіби мансабында 22 жеңіс тұсында 7-рет жеңілді. Ал Жұмағұлов үшін бұл жеңіс - мансабындағы 19-шы жеңіс, ол мансабында 9 рет жеңілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы бапкерінің үлесін атап өтіп, тактикалық жоспары жайлы айтты.
"Кеше уәде бердім, бүгін алаңда дәлелдедім: мен Big Drama Show жасауға шықтым. Бапкер Артём Левинмен жұмыс істедім, бәрін бірге жасадық. Артём, сен ең мықтысың, бауырым, саған қатты ризамын!" - деді Жұмағұлов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz