“Жағдайым жақсы“: Умар Нурмагомедов UFC-дегі нокауттан кейін мәлімдеме жасады

“Жағдайым жақсы“: Умар Нурмагомедов UFC-дегі нокауттан кейін мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/umar_nurmagomedov

UFC-дің жеңіл салмақтағы титулына бұрынғы үміткер, ресейлік Умар Нурмагомедов Шанхайда өткен UFC Fight Night 286 турнирінде қытайлық Сонг Ядонгтан нокаутпен жеңілгеннен кейінгі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хабиб Нурмагомедовтің 30 жастағы інісі бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

"Жағдайым жақсы. Жазып жатқандардың бәріне үлкен рақмет. Қателіктермен жұмыс істеп, қайта ораламын", — деп жазды спортшы

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Umar Nurmagomedov (@umar_nurmagomedov) жарияланымдары

Еске салайық, қытайлық ММА шебері Сонг Ядонг өз елінде өткен UFC турнирінде ресейлік Умар Нурмагомедовті мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Жекпе-жектің екінші раундында қытайлық спортшы фаворит саналған Нурмагомедовті күтпеген жерден нокаутқа түсірді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы

Умар есінен танып, октагонға құлағаннан кейін Сонг Ядонг оның басынан тағы бірнеше соққы жұмсады. Бұл Нурмагомедовтің бұрышындағы команда мүшелерінің наразылығын тудырды. Жекпе-жек тоқтатылған соң қытайлық спортшы октагон ішінде жеңісін тойлай бастады.

Сол сәтте Хабиб Нурмагомедов тоқтатуға тырысқанына қарамастан, Усман Нурмагомедов тордың ішіне кіріп, Сонг Ядонгқа қарай беттеген. Ол қарсыласқа қол сілтегенімен, соққы тимеген.

Кейінірек Усман Нурмагомедов әлеуметтік желіде болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаның тым әсіреленіп кеткенін айтты.

"Оның қарсыласын ұрмақ болды дегенге келсек, егер қаласам, ұратын едім. Іші тар, көре алмайтын адамдар, сендердің басты проблемаларың — отбасылық сүйіспеншілік пен түсіністіктің не екенін ешқашан білмегенсіңдер және білмейсіңдер де. Егер бауырдың бауыр үшін кім екенін түсінбесеңдер, маған емес, өздеріңе жандарың ашысын", — деп жазды Усман.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Usman Nurmagomedov (@usman_nurmagomedov) жарияланымдары

Бұған дейін UFC мен PFL-де өнер көрсеткен ресейлік аралас жекпе-жек шебері Абубакар Нурмагомедовтің кәсіби мансабын қайта бастағаны хабарланған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget