Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы "Астана Аренада" Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты. Ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды 27-минутта Максим Самородов соқты. Оның айып алаңы сыртынан жерлете тепкен добы қонақтар қақпасының торында тулады.
"Астана Аренадағы" аса маңызды ойынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин арнайы келіп тамашалады.
6 ойыннан кейін Қазақстан құрамасы "Н" тобында 12 ұпаймен 2-орынға көтерілді. Келесі ойынын 15 қазан күні Данияға, 17 қазанда Финляндияға қарсы өткізеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!