Тоқаев пен Головкин Қазақстан құрамасының матчіне келді

Тоқаев пен Головкин Қазақстан құрамасының матчіне келді
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіби бокс жұлдызы Геннадий Головкин Қазақстан құрамасының матчіне келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеу турнирінің 6-турында Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды. 

Мемлекет басшысы Ұлттық құраманы қолдау үшін "Астана Арена" стадионында төбе көрсетті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Ирландия командаларының арасындағы футбол матчында ұлттық құрамамызды қолдау үшін «Астана Арена» стадионына келді", - деп жазды ақорданың ресми сайты. 

Еске салайық, өткен турда Қазақстан Финляндиядан (0:1), ал Солтүстік Ирландия Словениядан (2:4) жеңіліп қалған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов