- Негізгі бет
- Спорт
- Франция президенті ӘЧ...
Франция президенті ӘЧ финалынан кейін Мбаппеге не айтқаны белгілі болды
Франция президенті Эммануэль Макрон 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының финалында Аргентинадан жеңілген шабуылшы Килиан Мбаппеге қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
23 жастағы шабуылшы хет-трик жасағанымен, пенальтилер сериясында оңтүстік америкалықтар жеңіске жетті.
"Мбаппе мен бүкіл команданың жасағанын айтып жеткізу мүмкін емес. "Мбаппе керемет ойыншы, бірақ ол әлі жас. Мен оның жасы небәрі 23-те екенін айттым, бірақ ол - тіпті қазір турнирдің үздік ойыншысы, сұрмерген, әлем чемпионы және финалист.
Менің де көңіліп түсіп қалды. Мен ол бізді мақтанарлықтай дәрежеге жеткізгенін айттым, өйткені біз сәттілікке жақындап қалғанда футбол матчінде жеңіліп қалдық. Бірақ спортта ондай болып тұрады", - деді президент.
Not the moment, mate: Mbappé and Deschamps both completely blank President Macron pic.twitter.com/bpOxpQOhD6
— Jeremy Vine (@theJeremyVine) December 18, 2022
Еске салайық, Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина Франция құрамасымен кездесті. Матчтің басы толығымен Аргентина футболшыларының басымдығымен өтті.
Ойын аяғына қарай француздар тағы да пенальти тебуге мүмкіндік алды, Мбаппе тағы да гол соғып, хет-трик авторы атанды.
Сондықтан әлем чемпионы пенальти сериясында анықталды. Ал шешуші сәтте Аргентина футболшылары дәлдік танытты.
Осылайша, Аргентина құрамасы үш дүркін әлем чемпионы атанды.
@massaget.kz #франция#аргентина#әлемчемпионаты#чемпионатмира#fifa#worldcup#2022#месси#мбаппе ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек