Бүгін Италия мен Испания финал жолдамасын сарапқа салады

Бүгін Италия мен Испания финал жолдамасын сарапқа салады

Бүгін түнде футболдан Еуропа чемпионатының 1\2 финалындағы алғашқы ойыны өтеді.  Финалға шығатын бір  құрама белгілі болады. Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесі" жалғасады.

Италия – Испания

Бүгін, Италия құрамасы Еуропа чемпионатының 1/2 финалында Испания құрамасымен ойнайды. Матч Лондондағы "Уэмблиде", Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды отандастарымыз Qazaqstan және QazSport арналарынан тамашалай алады.

Италия

Топтық кезеңнің бірінші айналымында "Скуадра Адзурра" Түркияны ойсырата жеңді (3:0). 2 турда дәл осы сценарий қайталанып, Италия құрамасы Швейцарияға жауапсыз 3 гол соқты. Мануэль Локателли екі таймда мергендігімен көзге түссе, Чиро Иммобиле  89 минутта қақпаны дәл көздеп, ойын нүктесін қойды.

Келесі кезеңге шығып қойғаннан соң Уэльске қарсы ойында Роберто Манчини жартылай негізгі құрамды шығарды. Олар уэльстіктерді  Пессинаның голының арқасында 1:0 есебімен ұтты.

1/8 финалда Италия құрамасы Австриядан ешкім күтпеген қарсылыққа тап болды. Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады. Бірақ, 90 минут бойы италяндарға қарағанда австриялықтар белсенді болды. Ойынның 65-минутында Марко Арнаутович итальяндар қақпасына гол соқты, бірақ VAR-ны қараған төреші офсайдқа байланысты годы есептемеді.

76-минутта бас төреші Энтони Тейлор тағы да видеоассистке жүгініп, Италияға пенальти тағайындаған жоқ.

 95-минутта ерекше көзге түскен Федерико Кьеза итальяндарды алға шығарды. Он минуттан кейін Маттео Песина командасының есебін еселей түсті.

114-минутта Саша Калайджич арадағы есепті қысқартты. Есепті теңестіруге австриялықтарға уақыт жетіспеді.

Ширек финалда итальяндар Бельгияны ұтып (2:1), жеңіліссіз сериясын 32 матчқа (және жеңіс сериясын 13-ке) дейін жеткізді.

Испаниямен жартылай финалда қорғаныстың сол жағында жарақат алған Спиназзоланың орнына Эмерсон ойнайды.

Испания

Испандар топтық кезеңді сәтті бастамады. Коронавирустың кесірінен бірнеше маңызды ойыншылары жасыл алаңға шықпай, Швециямен тең ойнады (0: 0). Мората бірнеше тамаша мүмкіндікке ие болғанымен пайдалана алмады.

Екінші айналымда Польшамен өткен матчта Луис Энрикенің шәкірттері бірінші таймда есеп ашты, содан кейін пенальтиді пайдалана алмады, осылай мүмкіндіктерін мүлт жіберген оларға поляктар гол соғып, есепті теңестіріп кетті.

Үшінші турда ғана команда капитаны Бускетс жасыл алаңға  оралғасын испандардың ойыны жүрді. Словакиямен ойында пенальтиді пайдалана алмаса да, ірі есеппен (5:0) ұта білді.

Хорватиямен 1/8 финалда өткен матчта Испания құрамасы 3:1 есебімен алға шықты, бірақ матч соңында хорваттар есепті теңестіріп кетті. Тек экстра таймда ғана испандар екі гол соғып ширек финал жолдамасын иемденді.

Ширек финалда олар Швейцариямен тең ойнады. Экстра таймда да гол соғылмады. Тек пенальти сериясында ғана жеңді 3:1 есебімен ұтты.

Футбол мамандары бүгінгі матчтың фовориті деп Италия құрамасын санайды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

А. Оралқызы