Франция ширек финалға шыға алмады

Франция ширек финалға шыға алмады

Франция  Швейцария арасындағы негізгі уақыттағы ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Экстра таймда да гол соғылмады. Пенальти сериясында соңғы болып тепкен Мбаппе гол соға алмады.  Ширек финалға  Швецария құрамасы шықты.

Ойынның 15 минутында Швецария құрамасының биік бойлы шабуылшысы Харис Сеферович баспен гол соғып, командасын алға шығарды. Француздар бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен есепті теңестіре алмады.

Екінші таймның 54 минутында француздар қақпасына пенальти белгіленді. Оны швецариялық тәжірибелі ойыншы Рикардо Родригес орындады. Фрнцуздардың капитаны Уго Льорис Родригестің тепкен добын қайтарды.

Арадан көп өтпей 57 минутта Мбаппенің асырған добын шабуылшы Кәрім Бензема голға айналдырып, есепті теңестірді.

Ал, небәрі екі минут өткесін Кәрім Бензема баспен гол соғып дубль авторы атанды.

75 минутта Поль Погба айып алаңының сыртынан алыс тоғыздықты көздеп, Швецария қақпашысын қапы қалдырды.

82 минутта Харис Сеферович әуелеп айып алаңының ішіне кірген допты баспен соғып, голға айналдырды. 

84 минутта швецариялықтар есепті теңестіргенімен, офсайд болып төреші голды есептемеді. Бірақ 90 минутта алаң ортасындағы Погба қателігін пайдаланып, қарсы шабуыл ұйымдастырған швецариялықтар мүмкіндікті мүл жібермей, есепті теңестірді. Марио Гавранович гол авторы атанды.

Қосымша уақытта да гол соғылмады. Пенальти сериясында соңғы болып тепкен Мбаппе гол соға алмады. Қақпашы Янн Зомер оның тепкен добын қайтарды.  Ширек финалға  Швецария құрамасы шықты.

Т. Раушанұлы