Бүгін D тобындағы қай командалар плей-оффқа шығатыны белгілі болады

Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі ойындар жалғасады. Бүгін жанкүйерлер "D" тобындағы соңғы кездесулерді тамашалай алады. Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. Жүлделі орынға ілігуге де соңғы мүмкіндіктердің бірі.  

Чехия – Англия

Англия құрамасы Еуропа Чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турында Чехиямен ойнайды. Матч 23 маусымда Лондондағы "Уэмбли" стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды отандастарымыз Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Чехия

Чехтар 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезінде наурыз айында Эстонияны жеңіп (6:2), Уэльске есе жіберді (0: 1), ал өз алаңында Бельгиямен ұпай бөлісті (1: 1).

Маусым айында Ярослав Шильгаваның командасы екі жолдастық кездесу өткізіп, Италия құрамасынан жеңілді (0:4) және Албаниядан басым түсті (3: 1).

Еуро-2020-ның алғашқы ойынында Чехия құрамасының шабуылшысы Патрик Шиктің дубль авторы атанып, Шотландияны жеңді (2:0)

"Байердің" шабуылшысы 2 турдағы Хорватиямен ойында да гол соқты (1:1) және қазір барлық турнирлердегі кейінгі 10 матчта ұлттық құраманың 10 голына қатысқан (8 гол және 2 пас).

Доп айырмашылығының арқасында чехтер 4 ұпаймен D тобының басында тұр. Британдықтармен тең ойнау оларды бірінші орынмен плей-оффқа шығарады.

Англия

2021 жылы наурызда ағылшындар Әлем чемпионатының үш іріктеу ойынын өткізіп, өз алаңында Сан-Мариноны (5:0), Польшаны (2: 1) жеңіп, Албанияны  да (2: 0) сырт алаңда ұтты.

Маусым айында Англия құрамасы екі жолдастық кездесу өткізіп, алдымен Аустрияны, сосын Румынияны өз алаңында 1:0 есебімен жеңді.

Еуро-2020 ашылу матчында ағылшындар екінші таймда Рахим Стерлинг соққан матчтағы жалғыз голдың арқасында Хорватия құрамасын ұтты.

Екінші айналымда ағылшындар "Уэмблиде" Шотландиямен кездесті, британдық дерби голсыз аяқталды.

Англия екі матчта төрт ұпай жинады және бір аяғымен плей-оффқа шығып тұр, алдағы матчта олар тең нәтижеге де қанағаттанатын болады.

Екі командалар футбол тарихында 4 рет кездескен. Жолдастық кездесулерде ағылшындар 1998 жылы 2:0 есебімен жеңіп, 2008 жылы (2:2) тең ойнаған. Чехия "Евро-2020" іріктеуінде "Уэмблиде" 0:5 есебімен жеңіліп, өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Хорватия – Шотландия

Хорватия құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турында Шотландия құрамасымен ойнайды. Матч 23 маусымда Глазго қаласында (Шотландия) өтеді, басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де. Ойынды қазақстандық жанкүйерлер QazSport арнасынан тамашалай алады.

Хорватия

Хорватияда қазір бір-ақ ұпайы бар. Енді әлем чемпионанты вице-чемпиондарын алдағы кездесуде тек жеңіс қанағаттандырады.

Хорваттар бірінші турда Англия құрамасына есе жіберді (0:1). Негізі ойын тең өтті, бірақ ағылшындар азды-көпті түсінікті шабуылдан кейін гол соғып кетті.

Чехияға қарсы Златко Даличтің командасы жақсы ойнады, бірақ тағы да тең есеп (1:1) тіркелді.

Матчтан кейін Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич команданың нашар ойнағанын айтты. Хорваттардың Еуродағы жалғыз голының авторы Иван Перишич те осылай деді.

Шотландия

Ал, шотландтықтар D тобында соңғы орында тұр, бірақ олардың плей-оффқа шығу мүмкіндігі Хорватиямен тең десек болады.

Екінші турде Шотландия құрамасы сенсациялық түрде Англия ұтылмады. «Уэмблидегі» кездесу тең аяқталды (0: 0).

Бірінші матчта Шотландия Чехиядан 0:2 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі