ЕУРО-2020: Словакия Польшадан басым түсті

ЕУРО-2020: Словакия Польшадан басым түсті

Еуро-2020 додасында Польша – Словакия арасындағы ойында 1:2 есебімен Словакия жеңді.

"Е" тобындағы бұл кездесу Санкт-Петербургте өттті. Ойынның 18 минутында Полша қақпашысы Войцех Щенсный өз қақпасына гол соқты.

Жартылай қорғаушы Карол Линетти 46-минутта есепті теңестірді. Бірақ ойынның 62 минутында польшалық жартылай қорғаушы Гжегож Крыховяк екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл Еуро-2020-да алғашқы қызыл қағаз болды. Осыдан соң Словакия құрамасы шабуылды үдете түсті.

Шешуші голды 69-минутта қорғаушы Милан Шкриньяр әуедегі допты аяғына оңтайлап, қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді.

Еске сала кетейік, Испания мен Швеция құрамалары да Е тобында ойнайды. Бұл ойынды қазақстандық жанкүйерлер Qazaqstan арнасынан 00:50-де тамашалай алады.

Т. Раушанұлы