Стерлингтің голы Англияға жеңіс сыйлады

Стерлингтің голы Англияға жеңіс сыйлады
Фото: Reuters

Англия ұлттық құрамасы футболдан Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады. Лондонда өткен ойында ағылшындар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойында Англия құрамасына жеңіс сыйлаған голды 57 минутта Рахим Стерлинг соқты. Ал шақпақ жейделі құрама таразы басын теңестіруге ұмтылғанмен, есепті өзгерте алған жоқ.

Жеңіске жеткен ағылшындар D тобында көш басына шықты. Сондай-ақ бұл топта Чехия мен Шотландия құрамалары бар.

Н. Үсенова