Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов Циндаода (Қытай) өтетін гран-при турниріне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Елдос Сметов Циндаодағы (Қытай) гран-приге қатысатын Қазақстан құрамасы сапына енді.
Одан бөлек, ерлер арасында түрлі салмақ дәрежесінде тағы 10 дзюдошы бақ сынайды:
- 60 келі: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;
- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;
- 73 келі: Бақытжан Әбдірахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан;
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;
- 90 келі: Айдар Арапов, Даниил Крылов;
- 100 келі: Асқар Біржанов, Бақжан Байтас.
Әйелдер құрамасынан да 10 спортшы қатысады, олардың қатарында қазақстандықтар арасында рейтинг көшбасшысы Әбиба Әбужақынова ( 48 келі) бар:
- 52 келі: Меруерт Сәрсенова;
- 57 келі: Бақыт Құсақбаева;
- 63 келі: Эсмигуль Куюлова;
- 70 келі: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова;
- 78 келі: Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева;
- 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова.
ijf.org
Еске салайық, жуырда танымал дзюдошы Елдос Сметов қазір бабына келіп, татамиге оралуға дайындалып жатқанын айтқан еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова