• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Эль-Класико уақыты белгілі болды

Эль-Класико уақыты белгілі болды
Фото: trendsmap.com

Каталониядағы наразылықтар себебінен 18 желтоқсанға ауыстырылған Ла Лигадағы әлем асыға күтетін эль-класико – “Барселона” – “Реал Мадрид” кездесуінің уақыты белгілі болды. 

Ла Лиганың twitter әлеуметтік желісінде "Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де “Камп Ноуда” өтеді" деп жазылған. Ойын елімізде Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Бұдан бұрын Испания басылымдары “Барселона” мен “Реал Мадрид” арасындағы кездесу Шығыс Азиядағы футбол жанкүйерлерін ескеріп өз уақытынан ертерек басталатынын хабарлаған еді.

Т. Раушанұлы
Logotype Massaget