Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Реал" – "Барселона" кездесуі алдында

"Реал" – "Барселона" кездесуі алдында

"Блауграна" соңғы екі жеңілістен кейін жағдайын түзеуге ұмтылса, "Реал" Карло Анчелоттимен алғашқы жүлдесіне қол жеткізуге тырысады. Мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселона" Король Кубогі жолында жетінші рет тартысқа түскелі отыр екен. Сонымен, "Месталья" стадионы бүгін кеште төрткүл дүниені тамаша футбол спектакліне қарық қылмақ. 

"Барселона" соңғы екі ірі жеңілістен кейін, бүгін қалай да жеңіске жетуге тырысары анық. Мартиноның тәлімгерлері осы жолы жеңілсе, соңғы екі аптада барлық турнирден шеттетіліп қаларын біледі. Жалпы, "блаугрананың" соңғы уақытта сүреңсіз ойын өрнегі көпшілік көңіліне күмән ұялатып тұр. Мұны бір шетінен мамандар Хави, Иньесталардың жігерленуге, ұмтылуға күш таба алмағанымен байланыстырса, кейбіреулер Пеп тұрғызған династияның тозығы жеткенін айтады.

"Реал" бүгінгі кездесуде өзінің көшбасшы ойыншысын алаңға шығармайды. Дей тұра, жарақатынан толық айығып, соңғы "классикода" жұлдызы жанған Ди Марияның қатарда екенін ескерсек, онда "корольдік клубқа" бұл мәселеде бас ауыртпаса да болады деген сөз. Алдыңғы шепте қимылдайтын Бензема мен Гарет жұбы Пинто қорғаған қақпадан саңылау табуға тырысса, қақпасына бірде-бір гол жібермей, Кубок жолында аман сақтап келген Касильяс финалдық ойында бар ерлігін шақыруға тырысады.

"Реал Мадрид" пен "Барселона" Король кубогінде алты мәрте жолығысқан екен. Қос команданың да еншісінде 3 жеңістен бар. "Местелье" өтетін бұл ойын көрсеткіш тұрғысынан кімнің алға суырылып шығатынын көрсетеді. 

Екі клуб арасындағы бірінші финал 1936 жылы ойнатылған. Валенсияда өткен сол ойында "Мадрид" 2:1 есебімен жеңіске жетіпті. "Барселонаның" 1968 жылғы жеңісінен кейін (0:1), "Мадрид" 1974 жылы тағы бір рет басты бәсекелесті қапы қалдырып кете алды (4:0). Сосын, "Барселона" 1983 жылы (1:2) және 1990 жылы (0:2) "Мадридті" 2 финалда тізе бүктіре алған. 

Соңғы жекпе-жек "Мадридтің" жеңісімен аяқталған-ды: Криштиану Роналдудың қосымша уақытта баспен соққан жалғыз голы мадридтік "Реалға" өз тарихында Испания Кубогін 18 мәрте алып беріп еді. Сол жолғы ойын да "Месталье" стадионында өткен болаты. 

Қызықты айғақтар:
• "Реал" Король Кубогінің соңғы 8 ойынында өз қақпасын голдан аман сақтап қала алған.
• "Реал" барлық жарысты қоса алғанда "Барселонаға" қарсы өткізген соңғы 8 ойында ең аз дегенде 2 голдан соғып отырған.
• "Реал" Король Кубогінің соңғы 7 ойынында жеңілмей келе жатыр. 
• Қос команда да Король Кубогінің соңғы 8 ойынында жеңілмес команда саналуда. 

Кездесудің басталу уақыты: 01:30 

Стадион: "Месталья" (Валенсия)

Ресми кездесулердің тарихы : + 88 = 48 – 90

Копа дель Рей жолындағы талас-тартыста: + 14 = 7 – 11

Бас қазы: Матеу Лаос (Валенсия)

 

"Мадрид" толық құрам:

Қақпашылар: Касильяс, Д. Лопес, Хесус
Қорғаушылар: Варан, Пепе, С. Рамос, Коэнтрау, Карвахаль, Начо, Д. Льоренте
Жартылай қорғаушылар: Бэйл, Х. Алонсо, Каземиро, Модрич, Ди Мария, Иско, Ильярраменди
Шабуылшылар: Бензема, Мората, Виллиан Жозе



"Барселона" толық құрам:

Қақпашылар: Пинто, Оласабаль
Қорғаушылар: Монтойя, Пике*, Пуйоль*, Маскерано, Бартра*, Альба, Адриано, Дани Алвес
Жартылай қорғаушылар: Фабрегас, Хави, Иньеста, Х. Дос Сантос*, Бускетс, А. Сонг, Афеллай, С. Роберто
Шабуылшылар: Педро, А. Санчес, Месси, Неймар, Тельо, Куэнка*

Херардо Мартино, «Барселонаның» бас бапкері: «Финалдық ойын қатардағы матчтардай өтер деп есептемеймін. Бұл ойын бізге маңызды болмақ. Шындығында, Кубоктегі жеңіс біздің өткен сәтсіздіктеріміздің тігісін келтіреді деп айта алмаймын. Біз әлі де бір қателікке бой ұрып келеміз».

Андрес Иньеста, «Барселонаның» жартылай қорғаушысы: «Финалдан кейін үйге келіп, ақ арыммен төсекке жатқым келеді. Командаға қолдан келгенше күш жұмсадым деп сенгім келеді. Біз алаңға бір ғана мақсатпен шығуымыз тиіс - жеңу үшін. Жеңіс біздер үшін үлкен қуаныш болар еді».

Карло Анчелотти, «Реалдың» бас бапкері: «Ойын тең әрі шиеленіскен түрде өтеді деп санаймын. "Реал" бұл ойында басты рөл ойнар деп үміттенемін, бұл өз кезегінде "Барселона" секілді командаға қарсы қиын іс. Себебі, оның пәлсафасы допқа иелік ете жүріп, ойынды қолға алу болып табылады. Ойынға басты кілт те осы болар.

Бұл ойын бірнеше себептен маңызды: біріншіден, маусымның бірінші жүлдесі, ал біз оны жеңіп ала аламыз ғой. Екіншіден, біз "Барселона" секілді салмақты командаға қарсы ойын өткергелі отырмыз. Осының барлығы матчтың маңыздылығын арттырады. Маусымның алғашқы кубогін жеңуге деген мүмкіндік - біздерге үлкен серпінді күш сыйлар еді»

Икер Касильяс, «Реалдың» қақпашысы: «Тек мен ғана емес, бүкіл команда жеңгісі келеді. Біздерді ұлы футболшыларға қарсы керемет ойын күтіп тұр. Мен "Барселонаның" Испания біріншілігі мен Чемпиондар Лигасындағы жеңілісін ойға алған емеспін. Бұл финал! Біз финалға дайын болып, өткен күнге еш алаңдамауымыз тиіс».

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: real-madridfans.ru; merengues.ru; barcaman.ru; vk.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 16 сәуір 2014, 21:20
Пікірлер
+0
16 сәуір 2014, 21:36

Барселона женуге тырыс!)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.