Дияр Нұрғожай UFC-дегі жеңісінен қанша тапты?

Дияр Нұрғожай UFC-дегі жеңісінен қанша тапты?
Фото: instagram.com/nurgozhay_diyar

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожай нокаутпен жеңіске жеткені үшін ұйымнан бонус алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салайық, Энтерпрайздағы (Невада штаты, АҚШ) Meta Apex аренасында өткен UFC Fight Night 284 турнирінде қазақстандық файтер қарсыласы бразилиялық Бруно Лопесті нокаутқа түсірді. Осы жетістігі үшін Дияр Нұрғожай UFC-ден 25 мың доллар (11,6 миллион теңге) көлемінде бонус алады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Said Saparov (@said_saparov) жарияланымы

Соңғы секундтағы нокаут

Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, алғаш рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бірінші раундтың аяғында қазақстандық файтер сол жақ хукпен дәл соққы бағыттап, Лопес канвасқа құлады, сол жерде ол тағы бірнеше ауыр соққы алды. Ол шабуылдан аман қалып, түрегеліп, тіпті Нұрғожайды партерге алып түсе алды. Алайда қазақстандық спортшы аяққа тұрып, қарсыласын торға тақады да, ауыр әрі жылдам соққылар сериясын жаудырды.

Төреші жекпе-жекті тоқтатып, бірінші раундтың аяқталуына бір секунд қалғанда техникалық нокаутты тіркеді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Setanta Sports UFC (@setantaufc) жарияланымы

Қазақстандықтардың UFC-ден алған бонустары

Еске салайық, промоушеннен нокаут үшін бонус алған алғашқы қазақстандық - жартылай орта салмақ өкілі Николай Веретенников. Ол өз жекпе-жегінде америкалық Нико Прайсты бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Жеңісті мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін UFC оған 25 мың доллар бонус төледі.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы

UFC-ден "Кештің үздік өнері" үшін бонус иеленген жалғыз қазақстандық - еліміздің лигадағы үздік өкілі Асу Алмабаев.

28 маусымға қараған түні Бакуде (Әзербайжан) өткен UFC Fight Night 280 турнирінде қазақстандық файтер америкалық Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жектің үшінші раундында Алмабаев қарсыласын партерге түсіріп, сирек кездесетін - "Сулоев созылмасы" әдісін сәтті қолданды.

UFC қазақстандықтың бұл жетістігін жоғары бағалап, оған 100 мың доллар (шамамен 48 миллион теңге) көлемінде ақшалай бонус берді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC Eurasia (@ufceurasia) жарияланымы

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget