Лондондық "Челси" жаңа бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы жаттығуын өткізді. Оған қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев та қатысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Испаниялық маман "Челси" тізгініне Англия премьер-лигасы маусымы аяқталғаннан кейін келді. Кеше оның жаңа командамен алғашқы ресми жаттығуы өтті.
Дастан Сәтбаев Лондонға барғанына бірнеше күн болды, ол жаттығу барысында бапкермен танысқан.
"Челси" футболшыларының көпшілігі осы жазда Кобхэмге алғаш рет келді. Команда үшін бұл жаңа бас бапкер - Хаби Алонсомен танысудың алғашқы мүмкіндігі болды. Ойыншылар медициналық тексерістен өткен соң күннің қатты ыстығына қарамастан жаттығу алаңына шықты", - деді клубтың баспасөз қызметі өкілдері.
chelseafc.com
Айта кетейік, Дастан Сәтбаев кәмелетке толғанға дейін, яғни 2 тамызға дейін Англияда жұмыс істей алмайды.
Ал шілденің аяғында "Челси" Аустралияға аттанып, онда бірнеше кездесу өткізеді. Оның алғашқысы 28 шілдеде "Вестерн Сиднейге" қарсы өтеді. Команда Англия премьер-лигасындағы алғашқы матчін 25 тамызға қараған түні "Фулхэмге" қарсы өткізеді.
Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтбаев "Қайрат" сапындағы соңғы ойындарын өткізіп, командамен қоштасты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова