Дастан Сәтпаев “Қайрат“ сапындағы соңғы ойындарын өткізеді

Дастан Сәтпаев “Қайрат“ сапындағы соңғы ойындарын өткізеді
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапындағы соңғы ойындарын өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл - "Атырау" және "Қызылжар" командаларына қарсы өтетін матчтар. Бұл кездесулер футболшы үшін лондондық "Челсиге" ауысар алдындағы "Қайрат" құрамындағы соңғы ойындар болмақ.

  • 13 маусымда сағат 18:00-де "Қайрат" және "Атырау" командалары кездеседі.
  • 17 маусымда сағат 19:00-де "Қайрат" және "Қызылжар" командалары кездеседі.

"Қызылжарға" қарсы матчтан кейін Орталық стадионда Дастан Сәтпаевқа арналған қоштасу рәсімі өтеді. Ол алдағы уақытта еуропалық үлкен сахнада өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев "Қайрат" академиясына 2016 жылы келген. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айнала білді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget