Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) менеджері Зия Алиев боксшының мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Елеусінов кәсіпқойға өткелі онымен жұмыс істейтін Алиев Matchroom Boxing ұсынған келісімшартпен боксшы толық танысқанын айтты және ол құжатқа қол қою барып тұрған бассыздық болар еді деген ойда.
"Келісімшарт қолымызға тие салысымен оны заңгерлердің бәріне көрсеттік. Мұндай келісімшарттарға қол қоймайды. Бейшараға ұсынатын келісімшарт. Matchroom-да болсақ болғаны деп бұрышта күтіп отырғымыз келмеді. Нашар келісімшарт болғаннан кейін оған қол қойылмады. Ал шарттарды түзеуге Matchroom келіспеді", - дейді Алиев.
Еске салайық, бұған дейін Данияр Елеусінов мансабын кім құртқанын айтқан болатын.
Елеусінов кейінгі екі жылда бір рет қана жұдырықтасты. Бірақ бұл жекпе-жек чемпиондық белдесу болды. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионатының белбеуін иеленді, содан кейін қорғау жекпе-жегінің жоқтығына байланысты титулынан айрылды.
"Бұған менеджерлерім кінәлі. Олар Эддимен жұмысты жалғастырудан бас тартты. Сосын мені жекпе-жексіз ұзақ ұстады", - деп мәлімдеген еді Елеусінов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!