Данияр Елеусінов мансабын кім құртқанын айтты

Данияр Елеусінов мансабын кім құртқанын айтты
Фото: Vesti.kz. Турар Казангапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер оның мансабын құртты деп санайды. Бұл туралы meta-ratings.kz жазды.

31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық бокс промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істей бастады.

Елеусінов кейінгі екі жылда бір рет қана жұдырықтасты. Бірақ бұл жекпе-жек чемпиондық белдесу болды. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионатының белбеуін иеленді, содан кейін қорғау жекпе-жегінің жоқтығына байланысты титулынан айрылды.

"Бұған менеджерлерім кінәлі. Олар Эддимен жұмысты жалғастырудан бас тартты. Сосын мені жекпе-жексіз ұзақ ұстады", - деді Елеусінов.

Қазақстандық өзінің кейінгі кездесуінде аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-3, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

Т. Раушанұлы